«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 25 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 923 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 25 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10169 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;