«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 25 бұйрығы (күші жойылды)

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 25 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 923 бұйрығымен 2018 ж. 29 маусымынан бастап күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асыру ережелері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оны мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

В.С. Школьник

23 қаңтар 2015 жыл

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә.О. Исекешев

27 қаңтар 2015 жыл

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылы 20 қаңтардағы

№ 25 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асыру

ережелері

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына құқықтық сараптама жүргізу тәртібін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.