Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесін және олардағы шаруашылық қызмет режимдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 672 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Су кодексі 21-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесі;
2) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі шаруашылық қызмет режимдері бекітілсін.
2. «Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектілерінің тiзбесiн және ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiндегi шаруашылық қызметтi реттеу құқықтық режимiнiң ерекшелiктерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 59 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.