«2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 5 шілдедегі № 263-VІ Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

 Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 21, 77-құжат; 2019 ж., № 8, 42, 45-құжаттар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 10 452 544 581 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 6 859 679 761 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 119 822 186 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 6 884 960 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 3 466 157 674 мың теңге;

2) шығындар - 11 441 352 695 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 219 375 848 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 335 403 588 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 116 027 740 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 156 451 524 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 156 451 524 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -1 364 635 486 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,1 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -5 445 623 486 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 8,5 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 364 635 486 мың теңге.»;

2) 13-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 25-2), 25-3) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«25-2) жұмысшы біліктіліктері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендия мөлшерін ұлғайтуға;

25-3) көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға;»;

«32-2) жұмыс істейтін жастарға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға;»;

3) мынадай мазмұндағы 14-1 және 14-2-баптармен толықтырылсын:

«14-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша көпбалалы отбасыларға, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасыларға, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектері бар отбасыларға, мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алатындарға, жетім балаларға, ата-анасынан кəмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жататын адамдардың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша екінші деңгейдегі банктердегі жəне микроқаржы ұйымдарындағы берешектері өтелуге жатады деп белгіленсін.

14-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердегі жəне микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсеткені үшін комиссия төлеуге арналған қаражатты пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлды есептен шығару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;

4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«17-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2019 жылға арналған резервi 104 843 282 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»;

5) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

«24-1-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер лимиті 2019 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.»;

6) көрсетілген Заңға 1-қосымша осы Заңға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Президенті

 

      Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 5 шілде

               № 263-VI

 

«2019 - 2021 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының

Заңына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы»

2019 жылғы жылғы 5 шілдедегі

Қазақстан Республикасының

№ 263-VI Заңына

ҚОСЫМША

 

«2019 - 2021 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

2018 жылғы 30 қарашадағы

Қазақстан Республикасының

№ 197-VI Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2019 жылға арналған республикалық бюджет