«Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқарудың бағалау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 413 бұйрығы (күші жойылды)

Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқарудың бағалау жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 413 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 15 сәуірдегі № ҚР ДСМ-31 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқарудың бағалау жүйесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 413 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.