Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығы
(2024.11.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.