(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2025 ҚАРЖЫ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІ АТҚАРУ ЖӘНЕ ОҒА...

2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығы

(2025.13.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2025 ж. 22 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 101-бабының 8-тармағына және 168-бабының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

ҚР Қаржы министрінің 2025.30.09. № 551 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 14 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

ҚР Қаржы министрінің 2025.30.09. № 551 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 14 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 30 мамырдағы

№ 272 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.