«Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 104 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9680) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидаларында:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Үздік» номинация атағына үміткер (бұдан әрі - үміткер) спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар және дене шынықтыру-спорттық ұйымдар (бұдан әрі - ДШСҰ) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне (бұдан әрі - Комитет) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 10), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:
үміткердің өтініші;