«Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 1132 Қаулысы

«Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 1132 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында:

5-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысаналы талаптардың жалпы сомасы орташаланған инвестициялық кіріс мөлшерлемесін ескере отырып, есепті жылдағы нысаналы талаптар мен алдыңғы кезеңдердегі нысаналы талаптардың жалпы сомасын қосу арқылы қалыптастырылады. Бұл ретте алдыңғы кезеңдердегі нысаналы талаптардың жалпы сомасынан нысаналы жинақтарды алушыларға Ұлттық қордан берілетін жыл сайынғы іс жүзіндегі төлемдер шегеріледі.

Осылайша, нысаналы талаптардың есепті жылдың аяғындағы жиынтық сомасы (НТжиыны) мынадай формула бойынша есептеледі:

НТжиыны = НТ50%ОИК + (НТалдыңғы - ТС)*(1 + КМ), мұндағы:

ТС - БЖЗҚ деректеріне сәйкес айқындалатын есепті жылдың ішіндегі Ұлттық қордан берлетін төлемдердің жалпы сомасы.

НТалдыңғы - нысаналы талаптардың есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша сомасы.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. БЖЗҚ ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша мынадай:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығын туған кезде алғаны туралы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.