«Халыққа қатер төндіретін гидротехникалық құрылысжайлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 228-НҚ бұйрығы

Халыққа қатер төндіретін гидротехникалық құрылысжайлар тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 228-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Халыққа қатер төндіретін гидротехникалық құрылысжайлардың тізбесі айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Су ресурстары және ирригация министрінің

2025 жылғы 10 қыркүйектегі

№ 228-НҚ бұйрығына қосымша

 

 

Халыққа қатер төндіретін гидротехникалық құрылысжайлар

тізбесі

 

1. Есiл өзенiндегi Астана су қоймасы.

2. Сілетi өзенiндегi Сілетi су қоймасы.

3. Шелек өзеніндегі Бартоғай су қоймасы.

4. Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасы.

5. Елек өзенiндегi Ақтөбе су қоймасы.

6. Қарғалы өзенiндегi Қарғалы су қоймасы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.