«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 4 ақпандағы № 17 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33103 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады, ол оның қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.