Бұл ретте сел және көшкін қаупі бар учаскелерде тұрғын ғимараттарды, әлеуметтік, мәдени объектілерді үш қабаттан жоғары етіп жобалауға жол берілмейді.
Алматы қаласы аумағының сел және көшкін қаупі бар учаскелерінде инженерлік желілер, жолдар мен коммуникациялар салуды қоспағанда, елді мекеннің тұрғын аймағына, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймағына және өнеркәсіптік (өндірістік) аймағына жататын жаңа құрылыс объектілерін салуға тыйым салынады.
6. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу үшін қажетті бастапқы материалдардың құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының бастапқы материалдары қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуге тиіс.
79-бап. Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары
1. Қазақстан Республикасының аумағында құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары қолданылады.
2. Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
жаңа құрылыс объектілерін салу және бұрыннан бар құрылыс объектілерін, үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгерту үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және беру;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құрылыс объектілерін пайдалануға беруі;
елді мекендер аумағы мен қонысаралық аумақтарды жобалау және оларда құрылыс салу тәртібі мен мерзімдері белгіленеді.
3. Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескерілуге тиіс.
10-тарау. АУМАҚТАРДЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ
80-бап. Елді мекендердің аумақтарын аймақтарға бөлу
1. Аумақтарды аймақтарға бөлу нақты аумақты, жекелеген функционалдық аймақтарды пайдалану түрін айқындайды, елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобаларында оларды пайдалануға шектеулерді белгілейді және мыналарды:
1) адамның өмір сүруі мен тіршілік етуіне қолайлы ортаны;
2) халықтың және өндірістік объектілердің шамадан тыс шоғырлануын болғызбауды;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоса алғанда, қоршаған ортаны ластанудан қорғауды;
4) тарих пен мәдениет ескерткіштері бар аумақтарды күзетуді;
5) аумақтарды қауіпті (зиянды) табиғи, техногендік және антропогендік құбылыстар мен процестердің, төтенше жағдайлардың әсерінен қорғауды;
6) жағымсыз табиғи құбылыстардың әсерін азайтуды қамтамасыз етеді.
2. Әкімшілік-аумақтық құрылыстағы рөліне, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен өндірістік-шаруашылық мамандануына қарай елді мекендердің аумақтарында функционалдық аймақтардың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:
2) қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақтар;
4) инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар аймақтары;
5) өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтар;
6) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар;
7) арнаулы мақсаттағы аймақтар;
8) режимдік аумақтардың аймақтары;
10) санитариялық-қорғаныш аймақтары;
3. Тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік), рекреациялық аймақтардың, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар аймақтарының аумағы халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімділігі ескеріле отырып абаттандырылуға тиіс.
1. Елді мекеннің тұрғын аймағы тұрғын ғимараттардың, оның ішінде жеке тұрғын үйлердің құрылысын салуға арналады.
2. Тұрғын аймақ жеке тұрған және (немесе) тұрғын ғимараттарға жапсарластыра салынған (оларға жанастыра салынған) әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілерімен қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Тұрғын аймақ көлік құралдарына арналған тұрақтармен және орынтұрақтармен, пәтерлердің санына сәйкес қажетті орынтұрақ алаңымен, балалар және спорт алаңдарымен, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі ескеріле отырып қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Тұрғын аймақта қонақүйлерді, жерүсті және жерасты гараждарын (паркингтерді), жеңіл автомобильдерді уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды, электрмен зарядтау станцияларын, сондай-ақ орналасуы мен қызметі санитариялық-қорғаныш аймақтарын орнатуды талап ететіндей қоршаған ортаға әсер етпейтін өндірістік объектілерді орналастыруға жол беріледі.
5. Жекелеген жағдайларда тұрғын аймақтарға елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде орналасқан бағбандық шаруашылық пен саяжай серіктестіктерінің аумақтары да жатқызылуы мүмкін.
82-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі
1. Елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобаларына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жобасында көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан және абаттандыруға, көгалдандыруға, спорт, ойын алаңдарын, кіреберіс жолдарды, орынтұрақтарды, тротуарларды, шағын сәулет нысандарын және басқа да объектілерді орналастыруға арналған көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі көзделуге тиіс.
Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі онда орналасқан абаттандыру элементтерімен бірге кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кіреді.
2. Егер көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кірмесе, онда ол елді мекендердегі ортақ пайдаланылатын жерлер ретінде коммуналдық меншікте болады.
3. Кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кірмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау және абаттандыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
83-бап. Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақ
1. Елді мекеннің қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймағы әкімшілік, ғылыми-зерттеу мекемелерін, қоғамдық мекемелер мен олардың кешендерін, қонақүйлер мен қонақүй кешендерін, іскерлік және қаржылық белсенділік орталықтарын, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, коммерциялық қызмет, сауда және көпшілікті тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, көрсетілген объектілердің жанынан ашық көлік тұрақтарын және электрмен зарядтау станцияларын, жерүсті және жерасты гараждарын (паркингтерді), санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарда көзделген арнаулы іс-шараларды талап етпейтін басқа да ғимараттар мен құрылысжайларды орналастыруға арналады.
2. Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақта орналастыруға рұқсат етілген құрылыс объектілерінің тізбесіне тұрғын ғимараттар, оның ішінде жеке тұрғын үйлер енгізілуі мүмкін.
1. Елді мекендердегі рекреациялық аймақтар халықтың демалыс орындарын ұйымдастыру мен жайластыруға арналған және бақтарды, орманды парктерді, саябақтар мен скверлерді, зоопарктерді, су айдындарын, жағажайларды, аквапарктерді, ландшафтық сәулет объектілерін, өзге де демалыс және туризм орындарын, сондай-ақ бос уақытты өткізетін және (немесе) сауықтыру мақсатындағы құрылыс объектілерін қамтиды.
2. Рекреациялық аймаққа елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кіруі мүмкін.
3. Рекреациялық аймақтың аумағына жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерін, коммуналдық объектілерді, рекреациялық аймақтың жұмыс істеуіне тікелей байланысты емес өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды орналастыруға (салуға) және олардың жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге тыйым салынады.
4. Рекреациялық аймақты тұрғын аймаққа немесе өзге аймаққа өзгерту (ауыстыру) қоғамдық талқылаулардың нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
85-бап. Инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар аймақтары
1. Елді мекеннің инженерлік және көліктік инфрақұрылымдары аймақтары көлік және байланыс коммуникациялары мен құрылысжайларын, магистральдық құбыржолдарды, инженерлік қамтамасыз ету желілерін, инженерлік жабдық пен өзге де инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілерін орналастыруға және олардың жұмыс істеуіне арналады.
Олардың зиянды (қауіпті) әсерін болғызбау қонысқа ыңғайлы аумақтарға (учаскелерге), тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларға дейінгі қажетті арақашықтықты, сондай-ақ мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес басқа да міндетті талаптар мен шектеулерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі. Пайдалану кезінде адамдардың денсаулығы мен олар өмір сүретін ортаға тікелей зиянды әсер ететін коммуникациялар мен құрылысжайлар елді мекендер шегінен тысқары жерлерге орналастырылуға тиіс.
2. Инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілерінің аумағы көрсетілген объектілердің техникалық және пайдаланылу сипаттамасы ескеріле отырып абаттандырылуға тиіс. Аумақтарды абаттандыру мен күтіп-ұстау жөніндегі міндеттер инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілерінің меншік иелеріне және олар заңды түрде пайдалануында болатын өзге де тұлғаларға жүктеледі.
86-бап. Өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтар
1. Өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтар әкімшілік-тұрмыстық кешенді қоса алғанда, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерін, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдардың жұмыс істеуін, сондай-ақ осындай кәсіпорындар жұмыскерлерінің уақытша болуын қамтамасыз ететін басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін орналастыруға арналады.
2. Өндірістік, коммуналдық, қойма объектілерін, сондай-ақ инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілерін орналастыру және олардың жұмыс істеуі халыққа қатер төндірмейтін, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін және санитариялық-қорғаныш аймағын орнатуды талап етпейтін жағдайларда ғана осындай объектілерді қонысқа ыңғайлы аумаққа орналастыруға жол беріледі. Олай болмаған жағдайда, санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс.
3. Қонысқа ыңғайлы аумақта орналасатын өнеркәсіптік (өндірістік) аймақты, сондай-ақ өндірістік объектілердің аумақтарын абаттандыру мен күтіп-ұстау жөніндегі міндеттер объектілердің меншік иелеріне және олар заңды түрде пайдалануында болатын өзге де тұлғаларға жүктеледі.
87-бап. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар
1. Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегіндегі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар ауыл шаруашылығын жүргізу үшін есептелген немесе осы мақсаттарға арналған және елді мекеннің бекітілген бас жоспарына (елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемасына) сәйкес оларды пайдалану түрі өзгерген кезге дейін пайдаланылуы мүмкін.
2. Егер елді мекеннің шекаралары (шектері) шегіндегі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтардың орналасуы және олардың жұмыс істеуі халыққа не қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуі мүмкін болса, санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс.
88-бап. Арнаулы мақсаттағы аймақтар
1. Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегіне зираттар, крематорийлер, мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар), тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары, қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындар, тазарту құрылысжайлары, арнаулы нормативтер мен қағидаларды белгілемей пайдалану мүмкін болмайтын өзге де объектілер үшін бөлінетін арнаулы мақсаттағы аймақтарды орналастыруға жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілерді қонысқа ыңғайлы аумақ пен рекреациялық аумақтан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардан, елді мекеннің инфрақұрылымы объектілерінен бөліп тұратын санитариялық-қорғаныш аймақтарын орнату қажеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
3. Арнаулы мақсаттағы аймақты күтіп-ұстау жөніндегі міндеттер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, кәсіпорынның меншік иесіне (жер пайдаланушыға) және олар заңды түрде пайдалануында болатын өзге де тұлғаларға жүктеледі.
89-бап. Режимдік аумақтардың аймақтары
1. Ерекше режим белгіленетін әскери және басқа да объектілерді орналастыру үшін режимдік аумақтардың аймақтары көзделуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін режимдік аумақтардың (объектілердің) іргелес жатқан аймағында орналастырылатын құрылыс объектілерін жобалау және салу кезінде мынадай параметрлер сақталуы:
500 метр радиуста - биіктігі 7 метрден аспауы;
1000 метр радиуста - биіктігі 16 метрден аспауы;
1500 метр радиуста биіктігі 28 метрден аспауы қажет.
2. Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану тәртібін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес белгілейді.
90-бап. Қала маңындағы аймақтар
1. Қала маңындағы аймақтар осы қаланың, қала маңындағы аймаққа кіретін басқа да елді мекендердің аумағын дамытуға, сондай-ақ санитариялық-қорғаныш функцияларын орындауға, халықтың демалыс орындарын, бағбандық шаруашылық пен саяжай серіктестіктерін орналастыруға арналған, қала шекарасына (шегіне) жанасып жатқан жерлерді қамтиды.
2. Қала маңындағы аймақтардың шекараларын белгілеу осы Кодекске және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес бекітілген қала құрылысы құжаттамасының негізінде жүзеге асырылады.
91-бап. Санитариялық-қорғаныш аймағы
1. Халыққа қатер төндіруі және (немесе) қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы объектілерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі жағдайларында тиісті санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс. Санитариялық-қорғаныш аймағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
2. Санитариялық-қорғаныш аймағында ауыл шаруашылығын жүргізуді, бағбандық шаруашылықты, бақша өсіруді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді қоса алғанда, тұрғын ғимараттарды, білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерін, спорт-сауықтыру құрылысжайларын орналастыруға (салуға) тыйым салынады.
3. Санитариялық-қорғаныш аймағын күтіп-ұстау жөніндегі міндеттер аймақ арналған объектілердің меншік иелеріне жүктеледі.
4. Құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама шеңберінде құрылыс жобасын жобалау кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағы белгіленеді.
5. Пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің санитариялық-қорғаныш аймағын өзгертуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
6. Елді мекендердің аумағын аймақтарға бөлу шеңберінде функционалдық аймақтарды айқындау кезінде елді мекендердің бас жоспарларында, сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын талаптар ескеріледі.
7. Белгіленген және өзгертілген санитариялық-қорғаныш аймақтары туралы деректерді жергілікті атқарушы органға:
1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайда, бекітілген жобалау-сметалық құжаттама мен санитариялық-қорғаныш аймағына қатысты құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы негізінде - тапсырыс беруші;
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайда, санитариялық-қорғаныш аймағын өзгерту жөніндегі құрылыс жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде санитариялық-қорғаныш аймағы жобасын әзірлеуші ұсынады.
Жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының жария кадастрлық картасында кейіннен жариялау және мемлекеттік жер кадастрына енгізу үшін Қазақстан Республикасының геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнамасына сәйкес Кеңістіктік деректер ұлттық инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталында орнатылған және өзгертілген санитариялық-қорғаныш аймақтары туралы кеңістіктік деректерді қалыптастыруды, жинауды, сақтауды және жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген ақпаратты беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
1. Резервтегі аумақтар елді мекендерді дамытуға немесе қонысаралық аумақтарды игеруге (жайластыруға) арналған.
2. Резервтегі аумақтар аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларының, елді мекендердің бас жоспарларының және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының құрамында айқындалады және бекітіледі.
3. Резервтегі аумақтар елді мекендер мен олардың бөліктерінің дамуына қарай мақсатына сәйкес қана пайдаланылады.
4. Резервтегі аумақтарды уақытша пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
11-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
93-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қамтамасыз ету
Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады.
94-бап. Ғылыми-техникалық кеңес
1. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басым бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның жанынан ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Ғылыми-техникалық кеңес уәкілетті мемлекеттік органдардың, құрылысты нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттердің, жетекші ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының, салалық қауымдастықтардың, бірлестіктердің және басқа да сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің өкілдерінен тұрады.
2. Ғылыми-техникалық кеңестің құрамы мен ережесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4-БӨЛІМ. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАУЫ
12-тарау. ЖОБАЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕНІСТЕР
95-бап. Жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу
1. Құрылыс объектілерін тұрғызуға, реконструкциялауға және реставрациялауға арналған жобалау құжаттамасын әзірлегенге дейін жобалау алдындағы құжаттама әзірленеді, онда қажеттілігі, техникалық мүмкіндігі, қоршаған ортаға әсерін бағалау (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен), құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестициялардың экономикалық тұрғыдан орындылығы, жер учаскесіне қойылатын талаптар, көлемдік-жоспарлаудың және технологиялық шешімдердің нұсқалары, инженерлік жүктемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ қаржыландыру көздері мен көлемі, инвестицияларды жүзеге асырудың тиімділігін, құрылыс объектілерін салудың, реконструкциялаудың, реставрациялаудың және пайдаланудың әлеуметтік, экологиялық және басқа да салдарын айқындау жөніндегі есеп-қисаптар айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгенінен кейін үш және одан көп жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ескірген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түзетілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтардың, ерекше индустриялық аймақтардың объектілері бойынша жобалау алдындағы құжаттаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумақтарын игеру және (немесе) аумағындағы құрылыс үшін шетелдік заңды тұлғалар немесе жекелеген мамандар орындаған жобалау алдындағы құжаттама, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Кодексте, мемлекеттік нормативтік құжаттарда және құрылыс жобасын әзірлеуге арналған тапсырмада белгіленген жобалау алдындағы жұмыстардың шарттарында және сатылары бойынша, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптар сақталған кезде әзірленуге тиіс.
4. Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
96-бап. Жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеуді қаржыландыру
1. Осы Кодекстің 95-бабының 1-тармағында көзделген жобалау алдындағы құжаттама:
1) құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асыруды жоспарлау кезінде - тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға көзделген мемлекеттік инвестициялар;
2) құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асыруды жоспарлау кезінде тапсырыс берушінің өз қаражаты есебінен әзірленеді.
2. Құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асыруды жоспарлау кезінде жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеуге арналған шығындар бастапқы материалдарды алуға байланысты шығындар ретінде құрылыс құнына енгізіледі.
Осы баптың 1-тармағында көзделген, құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асыруды жоспарлау кезінде жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеуге арналған шығындар оларды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеуге арналған шығындарды қамтиды.
3. Тапсырыс беруші жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу нәтижелері бойынша құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асырудың орынсыздығы және (немесе) негізсіздігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға, реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асыруды жоспарлау кезінде жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеуге арналған шығындар жобалау және іздестіру жұмыстарын орындауға көзделген негізгі қаржы көзі есебінен есептен шығарылуға жатады.
1. Инженерлік ізденістердің нәтижелері анық болуы және құрылыс объектісінің параметрлері мен басқа да жобалау сипаттамаларының жобалық мәндерін, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жобаланатын іс-шараларды анықтау үшін қажетті көлемде орындалуға тиіс.
Инженерлік ізденістер нәтижелерінің құрамындағы есеп-қисап деректері негізді болуы және құрылыс объектісін салу және пайдалану процесінде олардың мәндерінің өзгеру болжамын қамтуға тиіс.
Сараптама ұйымдары жобалау құжаттамасын талдауды және сапасын бағалауды жүргізу кезінде инженерлік ізденістердің өзектілігін және осы нәтижелерді қалыптастырудың қолданыстағы нормаларға, оның ішінде инженерлік-геологиялық ізденістерді жүргізудің толықтығына, құрамына, көлеміне, әдістері мен технологияларына сәйкестігін тексеруге міндетті.
2. Инженерлік ізденістердің нәтижелерін (қала құрылысы жобаларының топографиялық түсірілімін, жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімді және құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу сатысындағы атқарушылық геодезиялық түсірілімді) тапсырыс берушілер қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеу қағидаларына сәйкес, жобаларға сараптама жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне енгізеді.