Бұл ретте сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес келетін дара кәсіпкермен немесе заңды тұлғамен құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалады.
2. Егер құрылыс объектісі меншік иелерінің саны екі және одан көп болса, құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану, оның ішінде оның ортақ мүлкінің мәселелері жөніндегі, құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарттың негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тарту туралы және өзге де мәселелер жөніндегі шешімдерді мұндай меншік иелері құрылыс объектісінің жалпы алаңындағы әрқайсысының үлесіне мөлшерлес түрде қабылдайды. Үлестің мөлшері жеке (бөлек) меншіктегі құрылыс объектісі үй-жайлары ауданының құрылыс объектісінің барлық үй-жайлары аудандарының сомасына арақатынасымен айқындалады.
Екі және одан көп меншік иесі болған кезде құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану және өзге де мәселелер жөніндегі шешімдер ерікті негізде құрылған кондоминиумның жалпы жиналысында олардың әрқайсысының құрылыс объектісінің жалпы ауданындағы үлесіне мөлшерлестігі ескеріле отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен кондоминиумның құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану жөніндегі қағидаларына сәйкес қабылдануы мүмкін.
3. Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарттың негізінде құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тартылған жағдайда құрылыс объектісінің меншік иесі немесе оны өзге де заңды негізде иеленетін тұлғалар осы тұлғаға мынадай құжаттарды:
инженерлік ізденістердің нәтижелерін;
құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған жобалау ұйымы куәландырған жобалау-сметалық құжаттаманың көшірмелерін;
құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы мен сараптаманың барлық түзетулерінің көшірмелерін;
атқарушылық техникалық құжаттаманың көшірмелерін;
міндетті қосымшаларымен бірге құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісінің көшірмесін;
жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттың көшірмесін;
технологиялық жабдықтың паспортын;
құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін қажет өзге де құжаттаманы беруге міндетті.
4. Орындалуға тиіс техникалық қызмет көрсету жөніндегі, құрылыс объектісінің тиісті техникалық жай-күйін сақтап тұру жөніндегі жұмыстардың кезеңділігі, құрамы (қажетті байқауларды, қарап-тексерулерді қоса алғанда) мемлекеттік нормативтік құжаттарға, құрылыс объектісінің техникалық жай-күйін бақылау нәтижелеріне сәйкес оларды салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және пайдалану жағдайлары негізге алына отырып айқындалуға тиіс.
5. Құрылыс объектісін пайдалану үшін жауапты адам жүргізілген қарап-тексерулердің, бақылау мақсатында тексерулердің және (немесе) құрылыс объектілерінің негіздерін, құрылыс конструкцияларын, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерін, олардың элементтерін мониторингтеу күндері мен нәтижелері, құрылыс объектісіне техникалық қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстар туралы, құрылыс объектісіне ағымдағы жөндеу жүргізу туралы, құрылыс объектісін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органдар берген нұсқамалардың күндері мен мазмұны туралы мәліметтер, осы бұзушылықтарды жою туралы мәліметтер енгізілетін құрылыс объектісін пайдалану журналын жүргізуге, сондай-ақ ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен құрылыс объектісін пайдалану қағидаларының, ұлттық стандарттар мен техникалық регламенттердің талаптарын сақтауға міндетті.
6. Құрылыс объектісін пайдалану журналының нысанын және осындай журналды жүргізуге қойылатын талаптарды мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
7. Құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлға оны пайдалану кезінде ондағы авариялық жағдайлар туындаған әрбір жағдай туралы:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылыс объектісін пайдалануға мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылса, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына;
3) егер құрылыс объектісін пайдалану үшін жауапты тұлға құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарттың негізінде тартылған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға болып табылса, құрылыс объектісінің меншік иелеріне немесе оны өзге де заңды негізде иеленетін тұлғаларға хабарлауға міндетті.
8. Құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты адам ауысқан жағдайда, құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты болған адам құрылыс объектісін пайдалану үшін жауапты жаңа адамға құрылыс объектісін пайдалану журналын, құрылыс объектісін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органдар берген нұсқамаларды, мемлекеттік органдардың көрсетілген нұсқамаларды орындауын тексеру актілерін, жергілікті атқарушы органның ұсынымдарын, құрылыс объектісіне техникалық қызмет көрсету, пайдалану мақсатында бақылау жасау, ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалуын растайтын өзге де құжаттарды он күн ішінде беруге міндетті.
9. Құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлға іргелес құрылыс объектілерін күтіп-ұстауға, оның ішінде қаржылық тұрғыдан қатысуға міндетті.
10. Осы баптың қолданысы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдаланылатын құрылыс объектілеріне қолданылмайды.
Ескертпе. Осы бап үшін қасбеттер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары (алаңдар), инженерлік жабдық пен инженерлік желілерді орналастыруға арналған үй-жайлар, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, ортақ инженерлік жүйелер мен жабдық, құрылыс объектісі орналасқан жер учаскесі және (немесе) іргелес жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік құрылыс объектісінің ортақ мүлкі деп танылады.
138-бап. Құрылыс объектілерін пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, құрылыс объектілерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің, нормативтік құқықтық актілерінің талаптары, жобалау құжаттамасы бұзылған жағдайларда, құрылыс объектілерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Құрылыс объектілерін пайдалану, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, сондай-ақ құрылыс объектілері кездейсоқ жойылған және (немесе) сүрілген жағдайда, олар пайдаланудан шығарылғаннан кейін тоқтатылады.
139-бап. Құрылыс объектісін авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану
1. Құрылыс объектісі авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп танылуы мүмкін. Құрылыс объектісін авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану оның нақты жай-күйін және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумақты зерттеп-қарау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
2. Көппәтерлі тұрғын үйді авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
3. Құрылыс объектісін авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану тәртібі мен негіздерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Бұл ретте мынадай тәртіппен:
1) уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның құрылыс объектісінің және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумақтың нақты жай-күйіне бағалау жүргізу мақсатында ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылдау тәртібі, көрсетілген комиссияны қалыптастыру тәртібі, оның отырыстарын өткізу тәртібі және оның шешімдерін ресімдеу тәртібі;
2) құрылыс объектісін және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумақты зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі, осындай құрылыс объектілерінің және (немесе) аумақтың нақты жай-күйін бағалау тәртібі;
3) құрылыс объектісінің меншік иесін, құрылыс объектісіндегі үй-жайлардың (пәтерлердің және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелерін, құрылыс объектісін, ондағы үй-жайды (пәтерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайды) өзге де заңды негізде иеленетін тұлғаны мұндай құрылыс объектісін авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы мәселені қарау туралы хабардар ету тәртібі;
4) құрылыс объектісін авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы шешім қабылдау тәртібі мен мерзімдері айқындалады.
1. Реновациялау - аумақты әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдармен, абаттандырумен қамтамасыз ете отырып, құрылыс объектілерін елді мекендердің сапалы жайлы ортасын қалыптастыру мақсатында пайдалану жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ құрылыс объектілерін реконструкциялау (күрделі жөндеу), реставрациялау немесе ескірген және (немесе) авариялық құрылыс объектілерін сүре отырып, жаңа құрылыс объектілерін салу арқылы елді мекеннің сәулеттік келбетіне сәйкес келтіруге бағытталған құрылыс объектілерін, оның ішінде ескірген және (немесе) авариялық объектілерді жаңарту жөніндегі шаралар кешені.
2. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және қала құрылысы жобаларына сәйкес реновациялау бағдарламасына енгізілген құрылыс объектілері реновациялау объектілері болып табылады.
3. Реновациялаудың мақсаттары мыналар болып табылады:
1) елді мекендердің сапасын және жеке тұлғалардың тұру жағдайларын жақсарту;
2) құрылыс салынған аумақтардың функционалдық, санитариялық, энергетикалық және сәулеттік тиімділігін арттыру;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және бейімдеу.
4. Реновациялау бағдарламасын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
20-тарау. ҚҰРЫЛЫСЫ НЕМЕСЕ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАНУЫ ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҒАН ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҒАН ОБЪЕКТІЛЕРГЕ ЖАТҚЫЗУ
141-бап. Құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын құрылысы аяқталмаған объектілерді құрылысы аяқталмаған объектілерге жатқызудың негіздері
1. Құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын және аяқталмаған объект туралы мәліметтер құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген күннен бастап ол мынадай негіздер бойынша:
1) құрылысқа арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі өткенде;
2) құрылыс объектісін пайдалануға беру актісін тіркеуден бас тартылған күннен бастап он екі айдан астам уақыт өткенде (пайдалануға беру актісін тіркеуден бас тарту үшін негіздер жойылмаған жағдайда);
3) құрылысы, реконструкциялануы аяқталмаған құрылыс объектісі орналасқан жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының немесе құрылыс объектісін салуды, реконструкциялауды аяқтау мақсатында осындай жер учаскесіне құқықтарды иелену үшін Қазақстан Республикасының азаматтық, жер заңнамасында көзделген негіздер болмаған кезде мердігермен (бас мердігермен) жасалған осындай жер учаскесін өтеусіз пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткенде;
4) құрылыс объектісін салу, реконструкциялау аяқталмағанда және осы Кодекске сәйкес құрылыс объектісін пайдалануға беру актісін тіркеуден бас тарту үшін негіз болып табылатын Қазақстан Республикасының жер және өзге де заңнамасында белгіленген шектеулер туындағанда;
5) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес құрылысы мен реконструкциялануы аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылысы мен реконструкциялануы бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылмайтын жағдайда бюджет қаражаты есебінен осындай құрылыс пен реконструкциялауды қаржыландыру жүзеге асырылған соңғы жылдан бастап үш жыл ішінде осындай құрылыс пен реконструкциялауды аяқтауға бюджет қаражаты көзделмегенде;
6) құрылысы, реконструкциялануы аяқталмаған құрылыс объектісіне және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан жер учаскесіне қатысты тыйым қойылғанда, белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салынғанда және (немесе) кепіл түрінде жолын кесу шарасы таңдалғанда;
7) заңды күшіне енген, оның ішінде құрылыс объектісін рұқсат алмай салынған құрылыс деп тану туралы сот актілері болғанда, құрылысы аяқталмаған объект деп танылады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган осы баптың 1-тармағында көзделген негіздермен қатар құрылысы, реконструкциялануы аяқталмаған құрылыс объектілерін құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған, құрылысы аяқталмаған объектілерге жатқызудың өзге де негіздерін көздеуі мүмкін.
3. Құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған және аяқталмаған объектілер осы Кодекстің 142-бабына сәйкес құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілуге тиіс құрылысы аяқталмаған объектілерге жатады.
142-бап. Құрылысы аяқталмаған объектілердің тізілімі
1. Құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған құрылысы аяқталмаған объектілер құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілуге жатады.
Құрылыс объектілері:
1) егер олардың құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған болса, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның;
2) егер олардың құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған болса, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
2. Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
21-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН КЕЙІННЕН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ (СҮРУ)
143-бап. Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (сүру) туралы жалпы ережелер
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) құрылыс объектісі меншік иесінің шешімі не осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда, заңды күшіне енген сот актісінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
2. Елді мекендерді дамыту және оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобалары сүруге жататын құрылыс объектілерінің тізбесіне енгізілген құрылыс объектісін сүру үшін негіз болып табылады.
3. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) мақсатында мердігер (бас мердігер) немесе тапсырыс беруші осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құрылыс объектісін сүру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасын дербес құжат ретінде дайындауды қамтамасыз етеді. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасын дайындауды жобалау ұйымы немесе мамандар тізіліміне мәліметтері енгізілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған маман жүзеге асырады.
4. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасын дайындау осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (сүру) үшін талап етілмейді. Бұл жағдайда мердігер (бас мердігер) өз бастамасы бойынша осындай құрылыс объектілерін кейін кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың дайындалуын қамтамасыз етуге құқылы.
5. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасын дайындау техникалық регламенттердің талаптарына, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің қауіпсіздігі талаптарына, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес құрылыс объектісін зерттеп-қарау нәтижелері мен материалдарының негізінде жүзеге асырылады.
6. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасының құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
7. Егер құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратуды (сүруді) мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып жүзеге асыру жоспарланса, мердігер (бас мердігер) немесе тапсырыс беруші құрылыстың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалану құқығы берілмеген жер учаскесінде орналасқан құрылыс объектісін сүруді мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган қамтамасыз ететін болса, мердігердің (бас мердігердің) функцияларын көрсетілген органдар немесе аталған органдар осындай құрылыс объектісін сүру туралы шарт жасасқан тұлғалар орындайды.
144-бап. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратуды (сүруді) жүзеге асыру
1. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар берген құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату шарттарына сәйкес құрылыс объектісі инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажыратылғаннан кейін, сондай-ақ, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, құрылыс объектісі пайдаланудан шығарылғаннан кейін құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату шарттарын инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар мердігерден (бас мердігерден), уәкілетті мемлекеттік органнан немесе жергілікті атқарушы органнан осындай шарттарды беру туралы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде береді. Құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйым қол қойған актімен расталады. Құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
3. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) процесінде адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алуға бағытталған шаралар қабылданады, уақытша қоршаулар, кірме жолдар салу көзделеді, құрылыс қоқыстарын кәдеге жарату жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады.
4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратуды (сүруді) жүзеге асыруға арналған мердігерлік шарттар бойынша жұмыстарды мердігерлер (бас мердігерлер) орындайды. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратуды (сүруді) жүзеге асыруға арналған мердігерлік шарттар бойынша құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасы талаптарының, жұмыстарды орындау процесінде техникалық регламенттердің, қауіпсіздік техникасының сақталуы қамтамасыз етіледі.
5. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) мақсатында меншік иесі, мердігер (бас мердігер) немесе тапсырыс беруші құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды орындау басталғанға дейін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, құрылыс объектісі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға құрылыс объектісін жоспарланып отырған кейіннен кәдеге жарату (сүру) туралы хабарлама береді.
6. Меншік иесі, мердігер (бас мердігер) немесе тапсырыс беруші құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құрылыс объектісі тұрған жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратудың (сүрудің) аяқталғаны туралы хабарлама береді.
7. Құрылыс объектісін сүру актісі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың міндетті түрде есепке алуына және тіркеуіне жатады.
145-бап. Рұқсат алмай салынған құрылыстар объектісін сүру немесе оларды белгіленген талаптарға сәйкес келтіру ерекшеліктері
1. Рұқсат алмай салынған құрылыстар болып табылатын құрылыс объектілерін сүру немесе оларды мәжбүрлі тәртіппен белгіленген талаптарға сәйкес келтіру заңды күшіне енген сот актісінің немесе жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
2. Рұқсат алмай салынған құрылыстың анықталғаны туралы хабарламаны (арызды) және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсат алмай салынған құрылыс белгілерінің бар екенін растайтын құжаттарды рұқсат алмай салынған құрылыс орналасқан жердегі жергілікті атқарушы орган мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан және өзге де тұлғалардан алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілген хабарламаны (арызды) және құжаттарды қарауға және осындай қарау нәтижелері бойынша мынадай әрекеттердің бірін жасауға:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, рұқсат алмай салынған құрылысты сүру туралы шешім не оны белгіленген талаптарға сәйкес келтіру туралы шешім қабылдауға;
2) рұқсат алмай салынған құрылысты сүру немесе оны белгіленген талаптарға сәйкес келтіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге;
3) рұқсат алмай салынған құрылыстың анықталғаны туралы хабарламаны (арызды) жіберген тұлғаға рұқсат алмай салынған құрылыс белгілерінің жоқ екені туралы хабарлама жіберуге міндетті.
3. Рұқсат алмай салынған құрылысты сүруді немесе оны белгіленген талаптарға сәйкес келтіруді рұқсат алмай құрылыс салуға тапсырыс берген немесе оны тұрғызған немесе рұқсат алмай құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға жүзеге асырады, ал мұндай тұлға туралы мәліметтер болмаған кезде заңды күшіне енген сот актісімен немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген мерзімде рұқсат алмай құрылыс салынған немесе тұрғызылған жер учаскесінің құқық иеленушісі жүзеге асырады.
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Рұқсат алмай салынған құрылысты сүру осы Кодекстің 143 және 144-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Рұқсат алмай салынған құрылысты белгіленген талаптарға сәйкес келтіру осы Кодекстің 15-тарауында белгіленген тәртіппен оны реконструкциялау арқылы жүзеге асырылады. Рұқсат алмай салынған құрылысты мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес келтіру осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
22-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
146-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жауаптылығы
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері жол берген Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, қағидаларды, шектеулерді) бұзушылықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.