«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024 жылғы 26 шілдедегі № 444/НҚ бұйрығы

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024 жылғы 26 шілдедегі № 444/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында:

3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыруға арналған ақпараттандыру объектілері;»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Электрондық түрде қызмет көрсету кезінде ақпараттандыру объектісі ЭҮТШ-ке төлемдерді пайдалану туралы мәліметтерді жібереді.

Барлық өтінімдер мен құжаттар интеграциялық өзара іс-қимылға қатысушылардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-пен куәландырылады.

Егер интеграциялық сервис бастамашысының ақпараттық жүйесі Заңның 49-бабының 2-тармағында көрсетілген ақпараттандыру объектілеріне жататын болса, онда сервиске қосуға немесе сервисті жариялауға арналған өтінімге интеграциялық сервис бастамашысы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақ хаттамаларын қоса береді.»;

65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.