Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығы
(2013.22.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті:
осы бұйрықты облыс, Астана және Алматы қалаларының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының назарына жеткізсін;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Г. А. Ділімбетоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Сапарбаев |
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы
№ 29-ө бұйрығымен
бекітілген
Учаскелік комиссиялар туралы
үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013.22.07. № 326-ө-м бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды..