Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын анықтау және бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 232 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары анықталсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің кейбір қаулылары күшін жоғалтты деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тайынша ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 232 қаулысына
1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары