«Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 20 шілдедегі № 527 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11200 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жызылсын:
«2) пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережеде:
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: