Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығы
(2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2019.29.03. № 149 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.03.03. № 125 бұйрығымен (2025 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесі бекітілсін.
2. Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.