«Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 Қаулысы (2023.26.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 Қаулысы

(2023.26.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 180 Қаулысымен күші жойылды

 

Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), Алматы облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

ҚР Үкіметінің 2023.26.12. № 1187 Қаулысымен кешенді жоспары өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 6 желтоқсандағы

№ 1087 қаулысымен

бекітілген

 

 

Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған

кешенді жоспары

 

Қонаев қаласы (бұдан әрі - қала) өнеркәсіптік қала болып табылады, экономикасының негізін өңдеуші өнеркәсіп құрайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.