Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы
(2025.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2022.30.09. № 1028 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2022.30.09. № 1028 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 10) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасында энергетика саласының орнықтылығы және оны тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2022.30.09. № 1028 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Энергетикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.