Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 8 қарашадағы
№ 724 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Әскери мүлік айналымының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 1039 қаулысында:
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаруды, әскери техниканы, қорғаныс объектілерін және өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлікті құрту, кәдеге жарату, көму, жалға беру және өткізу арқылы жою;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкін кәдеге жарату;
«1-2) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкін өткізу (экспорттау);».
2. «Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын әскери мүлікті құрту, кәдеге жарату, көму арқылы беру, өткізу және жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.