(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРМАН ТҰҚЫМДАРЫН АУДАНДАСТЫРУДЫ БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗА...

Орман тұқымдарын аудандастыруды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-02/110 бұйрығы

 

Осы редакция 2022 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Орман тұқымдарын аудандастыру бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйырықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.

2012 жылғы 19 наурыздағы

№ 25-02-02/110 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Орман тұқымдарын аудандастыру

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы орман тұқымдарын аудандастыру Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы орман тұқымдарын аудандастыруда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) орман тұқымдарын аудандастыру - бұл тұқым мен отырғызу материалдарының мұрагерлік қасиеттері бойынша біртекті пайдалану мен орман тұқымы шаруашылығын ұйымдастыру жөніндегі жалпы бағытқа негізделетін белгілі орман шаруашылығының ерекшеліктерін сипаттайтын және таралымдардың генотиптік құрамы мен табиғи жағдайлар бойынша біртекті бөліктердегі (орман тұқымының ауданы) сүрек тұқымының таралу бөліністері.

Орман тұқымдарын аудандастыру бірқатар жағдайларда кіші аудандарға - неғұрлым біртекті орман өсіру жағдайлары мен таралымдардың генотиптік құрамы сипатталатын аумақтарға бөлінеді;

2) жергілікті тұқым - орман тұқымы ауданының шегінде дайындалған тұқым;

3) өзге аудандық тұқым - басқа орман тұқымы аудандарынан алынған тұқым.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.