«Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі №232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 125 бұйрығы

«Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі №232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 125 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банктік салымның кепіл шартын жасасу қағидаларында:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Кодекстің 57-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда, банктік салым кепіліне орай Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушының басқа кредиторларының алдында кепілге салынған банктік салым сомасынан басымдықпен қанағаттандырылуға ие.

Кодекстің 57-бабына сәйкес кепіл нысанасы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде немесе Ұлттық пошта операторында орналастырылған банктік салым ғана бола алады.

Салым банктік салым кепіл шартын жасаған (жасасқан) күнге «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын ұлттық валютаның ресми бағамы белгіленетін шетел валютасымен немесе теңгемен енгізіледі.»;

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Банктік салым кепілі кепіл беруші, кепіл ұстаушы және банктік салым орналастырылған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі немесе Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі - банк) арасында жасалатын банктік салым кепіл шартына (бұдан әрі - кепіл шарты) байланысты туындайды.»;

Көрсетілген бұйрыққа 2, 3, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.