5-2) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында жəне 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін Мемлекеттік корпорацияға ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін айқындайды;
6) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
2) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін айқындайды;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін айқындайды;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды;
2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді айқындайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қордың қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін, қордың активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсынысты қалыптастырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілейді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) қордың комиссиялық сыйақы алу қағидаларын бекітеді;
6) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қордың медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекітеді;
8) қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады;
10) қордың қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға құқылы;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша қор активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындайды;
11) 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің жоспарлануын қамтамасыз етеді;
3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына ел ішінде жол жүру ақысын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша төлейді;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республиксының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
13-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар:
2) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар;
3) денсаулық сақтау субъектілері;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
8) өзге де уәкілетті органдар болып табылады.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, осы Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер және арнаулы салық режимдерін қолданатын және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдар төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мыналар жарналарды төлеушілер болып табылады:
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) арнаулы салық режимдерін қолданатын және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын адамдар.
Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы тармақтың 3-1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер;
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
5) - 7) 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мыналарды:
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 8) және 10) тармақшаларында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан басқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарынан және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - дербес төлеушілер);
10) 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
11) жеке көмекшілер.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен қандастарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің кірістері есебінен жүзеге асырады.
4. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі - салық агенті) осындай жеке тұлғалардың кірістері есебінен жүзеге асырады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1. Жеке практикамен айналысатын адамдардың, дара кәсіпкерлердің, дербес төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 4-2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2. Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) жəне аударуды жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар оларға кіріс төлеген кезде жүзеге асырады.
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 4-3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жəне орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін жарналарды ұстап қалуды жəне аударуды Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторы жүзеге асырады.
1) аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомаларын және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтарып алуға;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) алдыңғы кезең үшін берешегі болмаған кезде аударымдардың және (немесе) жарналардың артық төленген сомаларын қайтарып алуға;
2) аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы қажетті ақпаратты қордан сұратуға және тегін алуға;
3) осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды іске асыруға құқығы бар.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Төлеушілер (осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында аталған тұлғаларды қоспағанда):
1) аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды уақтылы және толық көлемде есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға;
2) қорға төленетін аударымдардың және (немесе) жарналардың мөлшерлерін есептеу мен қайта есептеуді дербес жүзеге асыруға міндетті.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар жеке көмекшілерге кіріс төлеген кезде оларды міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға ұстап қалған жəне аударылған жарналар туралы хабардар етуге міндетті.
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Жұмыс берушілер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, салықтар мен әлеуметтік төлемдердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті белгіленген қызмет түрлерінің тізбесіне жататын еңбек қызметі кезеңінде кіріс алған немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе төндіруі мүмкін дағдарысты жағдайлар кезеңінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған құқықтық актілердің ережелеріне сай өздері үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар есептелмейтін және (немесе) төленбейтін қызметкерлердің тізімдерін қорға береді.
15-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар
1. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың:
1) уақтылы және сапалы медициналық көмек алуға;
2) осы Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар.
2. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген пациенттердің құқықтарын пайдаланады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80 және 82-баптарында көзделген міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді атқарады.
16-бап. Денсаулық сақтау субъектілері
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілерінің:
1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін басқа да денсаулық сақтау субъектілерімен қордың келісуі бойынша шарттар жасасуға;
2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын түсіндіру үшін қорға өтініш жасауға құқығы бар.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері:
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарына деректерді енгізудің уақтылығын, анықтығын және дұрыстығын;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті;
3) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы қордың сұрау салуы бойынша беруге;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) ақпарат ашық қолжетімділікте болмаған жағдайда медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының сұрау салуы бойынша медициналық қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптарға сəйкестігін растайтын рұқсаттардың жəне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың бар-жоғы туралы мəліметтерді ұсынуды;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жəне (немесе) міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің шығыстары туралы мəліметтерге қордың қол жеткізуін;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуын мониторингтеу үшін медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымға қордың талап етуі бойынша кіруді;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен денсаулық сақтау субъектілерінен қаражаттың қорға қайтарылуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге міндеттерді атқарады.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Мемлекеттік корпорация
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жатқызылатын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) төлеушілерден, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес салық агенті деп танылған интернет-платформалар операторларынан түсетін аударымдарды, жарналарды жəне (немесе) аударымдардың жəне (немесе) жарналардың уақтылы жəне (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды өңдеуді жəне банктік үш күн ішінде қорға аударуды жүзеге асырады;
2) аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге қайтаруды жүзеге асырады;
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1) тармақша өзгертілді
2-1) бірыңғай төлем төлеушіге, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес салық агенті деп танылған интернет-платформалар операторларына осы Заңның 27-бабының 2-2-тармағында жəне 28-бабының 5-2-тармағында белгіленген, қорға төленетін жарналар мен аударымдардың мөлшерлерінен асып кететін соманы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады;
3) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын осы қаражат қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған күннен бастап банктік үш күн ішінде төлеушілерге аударуды жүзеге асырады;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған республикалық бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады және уәкілетті органға осындай қажеттілік туралы өтінімдер жібереді.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) осы Заңның 26-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған жергілікті бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарына осындай қажеттілік туралы өтінімдер жібереді.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленген, сондай-ақ мемлекеттің жарналар төлеуі көзделген жеке тұлғалардың дерекқорын жаңартып отырады;
2) жеке сәйкестендіру нөмірлері негізінде аударымдарды және (немесе) жарналарды дербестендірілген есепке алуды және ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелерімен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі негізінде аударымдардың және (немесе) жарналардың түсімдерін салыстыруды жүзеге асырады;
3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің келіп түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға төлеушілердің түскен және қайтарып алған аударымдары мен жарналарының тізілімдерін ұсынады;
4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының аударымдардың және (немесе) жарналардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорация қызметінің түрлеріне сәйкес ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынады;