Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 49 бұйрығы
(2020.28.10. берілген өзгерістермен)
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңыеың 8-бабы 46-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.