«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 6 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы Ереженің 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күдікті операцияны айқындау белгілері осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Агенттіктің Жедел талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының Бірінші орынбасарына жүктелсін.