Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 330-НҚ бұйрығы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет- ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.