Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 Қаулысы
(2020.21.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші абзацтарын, өзгерістер мен толықтыруларға 8-қосымшаның жиырма жетінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.