Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығы
(2015.01.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жоғары офицерлік және басшы құрамның әскери және арнаулы атақтарын беруді реттеу мақсатында қаулы етемін:
1. № 1-9 қосымшаларға сәйкес жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаруға тиіс лауазымдардың тізбесі бекітілсін.
2. ҚР Президентінің 10.09.03 ж. № 1184 Жарлығымен күші жойылды
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 мамырдағы № 2984 Жарлығы;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы № 3396 Жарлығының 3-тармағы;
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 21 мамырдағы № 3512 Жарлығының II тармағы;
4) өте құпия;
5) өте құпия.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының