(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІН ҚҰРУ...

Арқалық қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 3 шешімі

(2024.15.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Арқалық қалалық аумақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша Арқалық қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Арқалық қаласы аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. Әкімнің мынадай:                                                                                       

«Арқалық қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2015 жылғы 5 қазандағы № 10 (2015 жылғы 23 қазанда «Арқалық хабары» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5930 болып тіркелген);

«Қала әкімінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 10 «Арқалық қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 5 қарашадағы № 12 шешімдерінің (2015 жылғы 20 қарашада «Арқалық хабары» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6000 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. «Арқалық қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.