ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қарашаның 24-і.
№ 589
Қазақстан Республикасы Президентінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 589 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және орналасқан жері
Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерін (бұдан әрі - қызметін қоса атқаратын елшілер), орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерін (бұдан әрі - бейрезидент елшілер) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және кері шақырып алады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.