«Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігіне немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 127 бұйрығы

Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігіне немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 127 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 701 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтер көздерінің иесіне оларды құпияландыру нәтижесінде келтірілетін зиянның мөлшерін анықтау қағидаларының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігіне немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік)мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның мөлшерін анықтау әдістемесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаевқа және Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы Т.М. Татубаевқа жүктелсін.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының

2017 жылғы 20 маусымдағы

№ 127 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.