Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Алматы қаласы мәслихатының V сайланған ХХXІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 262 шешімі
Осы редакция 2015 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Казақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабының 6-1) тармақшасына, Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.С. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІ сессиясының төрайымы |
Х. Есенова |
| V сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Т. Мұқашев |
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің
орынбасары Е. Шорманов
Алматы қаласы бойынша
Салық департаментінің басшысы
Ж. Іңкербаев
Алматы қаласы Табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу
басқармасының басшысы
А. Рахимбетов
Алматы қаласы Қаржы
басқармасының басшысы
А. Әбдіқадырова
Алматы қаласы Экономика және
бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
С. Қабдолов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы
А. Қасымова
мәслихатының
XХХІ сессиясының
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 262 шешіміне
қосымша