«Кедендік бақылаудағы тауарлар және халықаралық тасымал көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын шегіндегі мемлекеттік кірістер органдарының қызмет ету аймақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 638 бұйрығы (күші жойылды)

Кедендік бақылаудағы тауарлар және халықаралық тасымал көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын шегіндегі мемлекеттік кірістер органдарының қызмет ету аймақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 638 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 167 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Кедендік бақылаудағы тауарлар және халықаралық тасымал көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын шегіндегі мемлекеттік кірістер органдарының қызмет ету аймақтары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялануға жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 9 желтоқсандағы

№ 638 бұйрығына қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.