«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымдарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 195 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 442 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес және «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымдарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 195 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымы туралы ереже бекітілсін.»
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Н. Иманғалиев) осы бұйрықты «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жөніндегі республикалық кеңес мүшелерінің, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының назарына жеткізсін.».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | А. Аймағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2021 жылғы 31 тамыздағы
№ 442 бұйрығына
2-қосымша
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын
іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымы туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымы туралы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 49-3) тармақшасы мен 54-бабының 1) тармағына сәйкес әзірленді.