Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке жатқызу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептің нысандары мен оны жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 500 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 10-тармағына, 60-бабының 3-тармағына, 64-бабының 5-тармағына және 116-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке жатқызу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау нысандары;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 12-тармағын қоспағанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады, бұл ретте Қағидалардың 11-тармағы 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.