«Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 155-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімі (бұдан әрі - техникалық реттеу тізілімі) - техникалық регламенттердің, аккредиттеу субъектілерінің, сәйкестікті бағалау туралы берілген құжаттардың, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың, жабдықтардың, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер туралы ақпараттың және техникалық реттеу саласындағы өзге де мәліметтердің цифрлық дерекқоры;»;
22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22) техникалық реттеудің цифрлық жүйесі - техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған цифрлық жүйе;
23) техникалық реттеудің цифрлық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - техникалық реттеудің цифрлық жүйесіне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс.»;
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: