Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығы
(2023.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.23.11. № 483 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020.31.03. № 173 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.06.06. № 418 бұйрығымен (2023 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020.31.03. № 173 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.06.06. № 418 бұйрығымен (2023 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.23.11. № 483 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020.31.03. № 173 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.06.06. № 418 бұйрығымен (2023 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.