(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӘСІПОРЫНДАР СТАТИСТИКАСЫ МЕН КОНЪЮНКТУРАЛЫҚ ЗЕРТТЕ...

Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығы

(2022.26.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.24.09. № 21 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.26.08. № 18 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) «Жаңа кәсіпорындарға сауал салу» (индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Жаңа кәсіпорындарға сауал салу» (индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» (индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» (индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) - 18) ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022.26.08. № 18 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.