«Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 128 бұйрығы

Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 128 бұйрығы

 

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2026 жылғы 26 наурыздағы

№ 128 бұйрыққа

қосымша

 

 

Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарттың

үлгілік нысаны

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.