«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 бұйрығы

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13288 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Білім беру ұйымдарының кітапхана қорын Тізбеге енген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету білім алушылар контингентіне сай оқу әдебиеттерінің қажетті санын жыл сайын сатып алу арқылы жүзеге асырылады.»;

9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Баспалар жыл сайын қазан айында Министрлікке оқулықтар мен ОӘК-тің бағдарлы бағасын жолдайды.

10. Баспалар жыл сайын 30 қазаннан кешіктірмей өз ұйымдарының сайтында оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алуға жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру үшін оқулықтар мен ОӘК-тің алдын алу прайс-парағын орналастырады.

Тізбе бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде баспалардың сайтында Тізбеге енгізілген оқулықтар мен ОӘК-тің прайс-парағын орналастырады.

Баспалар оқулықтың электронды нұсқасымен қоса ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.