(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРМАНЫҢ ҚҰНЫН БЕЛ...

Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

М. Калиакпаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің

2025 жылғы 20 маусымдағы

№ 195 бұйрығымен бекітілген

 

 

Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы орындаудың құнын белгілеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) тікелей шығыстар - қызмет көрсетумен тікелей байланысты шығыстар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.