«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 128-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оны енгізу күнінде:
реттiк нөмiрлері 37, 38 және 39-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 37. | 2202 91 000 0 | алкогольсіз сыра | 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап — 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап өндірілген кегтерге құйылған; 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап — 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап өндірілген бөтелкеге құйылған; банктерге құйылған, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірілген сыра мен сыра сусындарына қатысты міндетті таңбалау |