Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығы
(2018.26.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-бабының 3-бөлігін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі бекітілсін.
2. Салық және кеден саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.