«Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 737 Қаулысы (күші жойылды)

Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 737 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 180 Қаулысымен күші жойылды

 

Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытуды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар, Қостанай облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 29 тамыздағы

№ 737 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған

кешенді жоспары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.