(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ ...

Предыдущая страница

2-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2. Әскери қызметшілерге жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәулігіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

3. Радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты лауазымдарда қызмет өткеретін, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға және объектілерде радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты авария салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға уақытша тартылатын әскери қызметшілерге нақты жұмыс істеген уақытына тепе-тең ұзақтығы жылына он екі тәулікке дейін қосымша демалыс беріледі.

4-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және бөлімдерінде тұратындарды қоспағанда, коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ өзгертілді

5-1. Әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша әскери қызметшілерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.

Әскери қызметшілерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Медициналық көрсетілімдер болған кезде әскери қызметшіге құрылымында өздері әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаражаты есебінен санаторийлік-курорттық емдеу ұсынылады.

Резервтегі әскери адамдар жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан не дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындардан өту кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін көзделген бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз етуді толық көлемде алады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Әскери қызметшілер бюджет қаражаты есебінен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша және уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі:

7-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Әскери қызметшілер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша мынадай жағдайларда:

1) жауынгерлік кезекшілікті атқарған кезде;

2) қарауылдағы қызметті атқарған кезде;

3) тәуліктік нарядты атқарған кезде;

4) далалық шығуларға (теңізге шығуларға) қатысқан кезде;

5) орналасқан орындарда дауылға қарсы әзірлік кезіндегі іс-шараларды жүзеге асырған кезде;

6) маяктарда вахтада тұрған кезде;

7) суасты міндеттерін (жұмыстарын) орындаған кезде;

8) парашютпен секірген кезде;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) күзету бойынша əскери эшелон, қарауыл құрамында барған жəне əскери жүкпен қабылдау орнына дейін жəне кері қайтқанда ілесіп жүрген кезде;

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде стационарлық емделуде (медициналық куәландыруда) болған кезде;

2015.15.06. № 321-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) гауптвахтаға жапқан кезде;

2015.15.06. № 321-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) бітімгершілік операцияға қатысқан кезде, сондай-ақ бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) бару және кері қайту кезінде тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Ұшқыштар құрамының әскери қызметшілері әскери қызмет өткеру уақытында тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

Авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат етілген инженерлік-техникалық құрам ұшуларды дайындау және орындау кезеңінде тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

Негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметшілерге уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен жалпы əскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді.

Оқу-жаттығу жиындары кезеңінде әскери кафедралардың өтеусіз негізде білім алып жатқан студенттері, әскери оқу орындарына түсу кезінде әскерге шақырылушылар, сондай-ақ «Жас ұлан» республикалық мектептеріне оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген және казармалық жағдайда тұратын кандидаттар бюджет қаражаты есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Оқу-жаттығу жиындары кезеңінде әскери кафедралардың өтеулі негізде білім алып жатқан студенттері өздерінің жанында тиісті әскери кафедралар жұмыс істейтін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Тамақтандыруды ұйымдастыру тəртібін уəкілетті органның басшысы айқындайды.

44-баптың 7-тармағының жетінші бөлігі 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Ұдайы жауынгерлік əзірліктегі əскери бөлімдерде взвод (топ, есептоп) жəне рота (батарея, жеке взвод, 4-дəрежелі корабль) бөлімшелеріндегі офицерлік құрам лауазымдарындағы, сондай-ақ қатардағы жəне сержанттық құрамдар лауазымдарындағы Қарулы Күштердің əскери қызметшілері қызмет уақытының регламентінде белгіленген жұмыс күндері бюджет қаражаты есебінен тамақтандырумен (түскі аспен) қамтамасыз етіледі. Әскери бөлімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.

Резервтегі әскери адамдар:

1) жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезінде тамақтандырумен;

2) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда болған кезеңде түскі аспен қамтамасыз етіледі.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Уəкілетті орган айқындаған тəртіппен əскери қызметшілердің:

1) əскери қызметке, əскери жиындарға шақырылған;

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің құрамында жаңа қызмет орнына ауысқан;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) уəкілетті орган жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;

4) əскери-медициналық бөлімшелер Қазақстан Республикасының шегінде стационарлық емдеу орнына, оның ішінде əскери-дəрігерлік (ұшу) комиссиядан өту үшін жіберген жəне кері қайтқан;

5) қызметтік іссапармен жол жүрген жəне кері қайтқан;

6) оқу-жаттығуларға, далалық шығуға (теңізге шығуға), əскерлер парадтарына жол жүрген жəне кері қайтқан;

7) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан жəне кері қайтқан;

8) ұрыс қимылдарына, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттерді орындауға қатысқан;

9) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан;

10) терроризмге қарсы операцияларға қатысқан;

11) əскери жүктерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерден тұратын құжаттарды, бұйымдарды жəне əскери жүктерді күзету жəне ілесіп жүру бойынша қарауыл құрамында қабылдау (тапсыру) орындарына дейін барған жəне кері қайтқан;

12) мыналармен:

əскери шақырылғандар, əскери міндеттілер бар командалармен;

қамаққа алынған, ұсталған əскери қызметшілермен, əскери міндеттілермен;

қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің мəйіті салынған табытпен жерлеу орнына дейін ілесіп жүрген жəне кері қайтқан жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен бюджет қаражаты есебінен жол жүруге құқығы бар.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уәкілетті органның басшысы айқындайтын тəртіппен әуе көлігімен бюджет қаражаты есебінен жол жүруге құқығы бар.

Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери қызметшілерге басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша уәкілетті органның басшысы айқындайтын тəртіппен автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Курсанттарды, кадеттерді, әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, əскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде əскери бөлім (мекеме) немесе бөлімше құрамында) ауыстырылған кезде оларға əскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат жəне əрбір отбасы мүшесіне:

1) жұбайына (зайыбына);

2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласына (балаларына), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласына (балаларына);

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласына (мүгедектігі бар балаларына), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамға (мүгедектігі бар адамдарға) бір айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді.

Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші болып табылса немесе олардың біреуі Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкері болып табылса, онда әрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен олардың біреуіне ғана төленеді.

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

9. Далалық төлемдер уəкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тəртіппен, тұрақты тұрғылықты жерінен тыс орналасқан жеріне қарамастан, далалық шығуда (арнаулы далалық жұмыстарды қоспағанда), теңізге шығуда болғаны үшін, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысқаны үшін іссапар шығыстары төленбестен, тəулігіне 1,2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.

 

2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 45-бап жаңа редакцияда

45-бап. Əскери қызметшілерді жəне олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету

Əскери қызметшілер (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерді, резервтегі əскери адамдарды, курсанттар мен кадеттерді, əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілерді қоспағанда) жəне олардың отбасы мүшелері əскери қызмет өткеру кезеңінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен бюджет қаражаты есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.

 

 

46-бап. Әскери қызметшілердің демалыстары

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі, оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына қарай күнтізбелік есептеумен белгіленеді:

1) кемінде он жыл - 30 тəулік;

2) он жылдан он бес жылға дейін - 35 тəулік;

3) он бес жылдан жиырма жылға дейін - 40 тəулік;

4) жиырма жəне одан көп жыл - 45 тəулік.

Ұшу жұмыстарында, корабльдік қызметте болатын, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқаратын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілейтін тізбе бойынша жергілікті жерлерде қызмет өткеретін əскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тəулік демалыс беріледі.

Жыл сайынғы негізгі демалыстың ұзақтығы демалыс күндеріне келетін мереке күндерді есептемей, күн тәртібіне және қызметтік уақыт регламентіне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметшілерге (əскери интерндерге, әскери резидент-дәрігерлерге, магистранттарға, докторанттарға, адъюнкттерге) жазғы каникулдық демалыс берумен, жыл сайынғы негізгі демалыс беріле отырып, екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлеу жүргізіледі.

Əскери интерндердің, әскери резидент-дәрігерлердің, магистранттардың, докторанттардың, адъюнкттердің жазғы жəне қысқы каникулдық демалысының жиынтығы жыл сайынғы негізгі демалысқа теңестіріледі.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, ол сауықтыруға арналған жəрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына пропорционалды түрде өтеуге міндетті.

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Резервтегі әскери адамдарға жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс орны бойынша беріледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысы жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар өткізу кезеңімен сәйкес келмеуге тиіс.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалыстан басқа Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қосымша демалыстар беріледі.

Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа, əскери қызметшіге оның баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде айқындалатын тəртіппен бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс беріледі.

Жыл сайынғы негізгі жəне қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы тиісті жылға 60 тəуліктен аспауға тиіс, бұл ретте демалыс орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі. Демалыс орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақытты беру тəртібі Əскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленеді.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметшінің демалысы қызмет мүддесі ескеріле отырып, бөліктерге бөлінуі мүмкін.

3. Мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне жалпыәскери жарғыларда айқындалған тәртіпте көтермелеу түрінде қысқа мерзімді демалыс беріледі.

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қажет болған кезде әскери қызметшілерге ауыруы бойынша, отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді, ал әскери, арнаулы оқу орындарында (әскери факультеттерде) оқитындарға каникулдық демалыстар беріледі.

Əскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа) оқуға түсу емтихандарына дайындалу жəне тапсыру үшін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде оқу жоспарында айқындалған мерзімге оқу демалыстары беріледі, ал ғылым кандидаты, докторы ғылыми дəрежелерінің, философия докторы (PhD) жəне бейіні бойынша доктор дəрежелерінің ізденушілері болып табылатын əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Жыл сайынғы негізгі демалыс жұмылдыру, соғыс немесе төтенше жағдай жарияланған жағдайда, соғыс уақытында және қызметтік қажеттілік жағдайында уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен тоқтатылады. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлігі ағымдағы жылы немесе келесі жылы беріледі.

Егер демалыстың пайдаланылмаған бөлігі он және одан астам күнтізбелік күнді құраса, әскери қызметшілерге демалыс өткізу орнына бару және кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі.

Демалыстың өткен жылы пайдаланылмаған бөлігі əскери қызметшіге оның баянаты бойынша ағымдағы жылы бөлек беріледі не жыл сайынғы негізгі ақы төленетін демалысына қосылады.

6. Өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін немесе оқуға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жіберілген әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының аумағында қызмет өткеретіндердің демалысқа құқықтарын пайдаланады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Əскери қызметшілердің жұмыс істейтін зайыптарына (жұбайларына) жыл сайынғы демалыстар жұмыс берушімен келісу бойынша олардың жұбайларының (зайыптарының) кезекті демалысымен бір мезгілде берілуі мүмкін. Бұл ретте демалыс ұзақтығы жұмыс берушімен келісу бойынша жалақы сақталмайтын қосымша демалыс беру есебінен жұбайының (зайыбының) демалыс ұзақтығына тең болуы мүмкін.

 

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 47-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

47-бап. Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері

Қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтетуге құқылы. Осы құқықты әскери қызметшілер бір рет пайдалана алады.

Әскери қызметшіге көрсетілген шығындарды өтеуді құрылымында әскери қызметші әскери қызмет өткеретін уәкілетті орган жүргізеді.

Әскери қызметшіні басқа білім беру ұйымына ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтеу мөлшері түзетілуге жатады.

Әскери қызметшіге академиялық демалыс берілген кезде оның Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтету құқығы сақталады.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтетуге құқылы әскери қызметшіге, ол оқыған (оқитын) білім беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған, әрекетін тоқтатқан, білім беру ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайларда басқа жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтетуге кепілдік беріледі.

 

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертілді

48-бап. Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери, арнаулы оқу орындарының тəрбиеленушілерін, ұландарын, кадеттері мен курсанттарын əлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері

Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілер, əскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары, кадеттері, тəрбиеленушілері мен ұландары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша заттай мүлікпен, тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Демалысқа, каникулға кеткен кезде оларға демалыс, каникул өткізу орнына дейін бару кезеңіне азық-түлік үлесі беріледі.

Қысқа мерзiмдi демалысқа барған жəне керi қайтқан кезде мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерге, каникулдық демалысқа жəне тағылымдамаға барған кезде, сондай-ақ керi қайтқанда əскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарына, кадеттеріне темiржол, автомобиль жəне ішкі су көлiгiмен бюджет қаражаты есебінен жол жүру құқығы берiледi. Шетелдік əскери оқу орындарында білім алып жатқан курсанттарға да оқуға жіберілген жəне каникулдық демалысқа барған кезде жəне керi қайтқанда əуе көлігімен мемлекет есебiнен жол жүру құқығы берiледi.

Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын мөлшерде пошта жөнелтімдеріне арналған өтемақы да төленеді.

Мерзімді əскери қызмет өткерген жəне əскери, арнаулы оқу орнында оқыған кезде тұру үшін əскери қызметшілер казармаларға орналастырылады. Курсанттарға, кадеттерге жəне ұландарға да əскери оқу орнында оқу уақытына жатақхана берілуі мүмкін.

 

2023.02.10. № 31-VIII ҚР Заңымен 48-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 48-1-бап өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)