(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ ...

Предыдущая страница

48-1-бап Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының тәрбиеленушілерін, ұландарын, кадеттері мен курсанттарын әлеуметтік қорғаудың ерекшеліктері

Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелері олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарының тәрбиеленушілері, ұландары, кадеттері мен курсанттары қатарындағы өздерінің жақын туыстарына баруды жалпыәскери жарғыларда белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.

 

2015.15.06. № 321-V ҚР Заңымен 49-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

49-бап. Әскери қызметшілердің жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қамсыздандыру

Жауынгерлік іс-қимылдарға, террорға қарсы және бітімгершілік операцияларына қатысатын (қатысқан) әскери қызметшілерге және барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындауға қатысатын Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының әскери қызметшілеріне жыл сайынғы демалысына қосылатын ұзақтығы екі апта қосымша демалыс беріледі.

Жауынгерлік іс-қимылдарға және террорға қарсы операцияларға қатысатын (қатысқан) әскери қызметшілерге жауынгерлік іс-қимылдар және террорға қарсы операциялар кезеңінде жеңілдіктер шарттарымен еңбек сіңірген жылдарына қызметінің бір айы үш ай болып есептеледі.

Бітімгершілік операцияларына қатысатын (қатысқан) әскери қызметшілерге бітімгершілік операцияларына қатысқан кезең жеңілдіктер шарттарымен қызметінің бір айы бір жарым ай болып есептеледі.

Бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін әскери қызметшілер құрылымында өздері әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қаражаты есебінен кемінде күнтізбелік жеті күн, бірақ жиырма бір тәуліктен аспайтын мерзімге санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.

 

50-бап. Әскери қызметтен шығарылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру

2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауру тапқан, сондай-ақ жиырма және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға бюджет қаражаты есебінен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған аурулар тізбесі бойынша көрсеткіштері болған кезде - әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету, ал жиырма бес және одан көп еңбек сіңірген жылдары барларға санаторийлік-курорттық емделу беріледі.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың, бөлімшелердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың тұрғылықты жерінде әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар Қарулы Күштерден шығарылған кезде, оның ішінде әскери қызмет өткерген кезеңде азаматтық мамандықтарды меңгеру мақсатында әлеуметтік бейімделумен қамтамасыз етіледі.

2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Әскери қызметтен шығарылған адамдардың (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде әскери есепке қойылатын жерге немесе таңдалған тұрғылықты жеріне теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен бюджет қаражаты есебінен жол жүруге құқығы бар.

Әскери қызметтен шығарылған адамдарға (мерзімді әскери қызметтен, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Осы тармақтың күші, резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады.

 

2024.06.05. № 79-VIII ҚР Заңымен 50-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 18 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

50-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызмет міндеттерін атқаруы кезіндегі кепілдіктер

Мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының:

1) уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу негізінде мерзімді әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына түсуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу негізінде медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге;

3) мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқудың бірінші жылында жатақханадан орынды басымдықпен алуға құқығы бар.

 

51-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда әскери қызметшілерге өтемақы төлеу

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адам немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет мiндеттерiн орындауға байланысты мертiккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.

2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде не әскери қызметтен шығарылғаннан кейін әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы), ауруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, әскери қызметшінің мұрагерлеріне - соңғы атқарған әскери лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қаражат мөлшерінде, ал мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің, курсант пен кадеттің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамның, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттінің мұрагерлеріне 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төлемі жүргізіледі.

Әскери қызметшінің қаза табуына (қайтыс болуына) байланысты біржолғы ақшалай өтемақы оқиға болған күннен бастап үш жыл өткенге дейін төленеді және мүгедектіктің белгіленуіне байланысты бұрын төленген біржолғы ақшалай өтемақыға қарамастан жүзеге асырылады.

2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған отбасылардың ол жерленген жерге тегін баруға және кері қайтуға (бірақ үш адамнан аспайды), сондай-ақ әскери қызметші қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде отбасы таңдаған тұрғылықты жеріне тегін жол жүруге құқығы бар.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге оның әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери қызметтен әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы), ауруы салдарынан шығарылған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген жағдайларда біржолғы ақшалай өтемақы:

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға - отыз айлық ақшалай қаражат;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға - он сегiз айлық ақшалай қаражат;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде төленеді.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертiгу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) жағдайында оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражат; жеңiл мертіккенде - жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

Мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшiлерге, стипендия алатын курсанттар мен кадеттерге, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамдарға және әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерге осы тармақта көзделген жағдайларда:

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға - 250 айлық есептiк көрсеткiш;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға - 150 айлық есептiк көрсеткiш;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға - 50 айлық есептiк көрсеткiш;

4) ауыр мертіккені үшiн - 12 айлық есептiк көрсеткiш;

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) жеңiл мертіккені үшiн - 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде бiржолғы ақшалай өтемақылар төленедi.

4. Егер әскери қызметшінің қаза табуы (қайтыс болуы) немесе ол алған мертігу:

1) соттың заң күшіне енген үкімі болған кезде өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өзіне-өзі қол жұмсау нәтижесінде;

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтыну салдарынан;

4) өзiне-өзі қасақана қандай да бiр дене жарақатын түсiру (денесiне зиян келтiру) немесе біржолғы өтемақы алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өз денсаулығына өзге де зиян келтiру нәтижесінде;

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) әскери қызметшінің әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын бұзған әрекеттері нәтижесінде;

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6) резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт талабын бұзған резервтегі әскери адамның әрекеттері нәтижесінде туындағаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілерді жерлеу әскери қызмет (жиындар) орны бойынша немесе олардың туыстарының тілегі бойынша басқа жерде жүргізіледі. Мәйітті тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты барлық шығыстар әскери қызметшілер әскери қызмет (жиындар) өткерген уәкілетті орган есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде жүзеге асырылады.

Осы тармақта көрсетілген ережелер әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығарылған, әскери қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес және одан да көп азаматтарға, сондай-ақ әскери қызметтің жалпы ұзақтығына қарамастан, жауынгерлік іс-қимылдарға және терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға қолданылады.

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Әскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға алушының қайтыс болған кезіне үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы төлем төленеді.

Қайтыс болған, әскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: зайыбына (жұбайына) - асыраушысының үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне - асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан зайыбы (жұбайы); он сегіз жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген немесе олар асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушылары болып табылған және жиырма үш жасқа толмаған балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, заңнамада белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедектігі бар адамдар болып табылатын ата-аналары енгізіледі.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.

 

52-бап. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық көмек алуға құқығы бар.

Медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың, бөлімшелердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Курсанттардың, кадеттердің жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілердің, резервтегі әскери адамдардың отбасы мүшелерін қоспағанда, əскери қызметшілердің өздерімен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелеріне:

əскери қызметші басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің құрамында ауысқан;

уəкілетті орган əскери қызметшіні əскери бөлім (мекеме) тізімдерінен алып тастап, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша қызметтен шығаруды қоспағанда, əскери қызметші əскери қызметтен шығарылған жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен бюджет қаражаты есебінен жол жүру құқығы беріледі.

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орындар береді.

Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары әскери колледждерге, «Жас ұлан» республикалық мектебіне конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші, мерзімді қызметтің әскери қызметшісі, курсант, кадет, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда және дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда жүрген резервтегі әскери адам әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.

Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) - олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.

Əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), келісімшарт бойынша əскери қызмет өткерген əскери қызметшінің, мерзімді қызметтің əскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамның, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда жəне дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындарда болған резервтегі əскери адамның жұбайына (зайыбына) төленетін ай сайынғы ақшалай төлем ол қайтадан некеге тұрған жағдайда тоқтатылады.

Ай сайынғы ақшалай төлем оны алуға құқығы бар адам өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.

 

9-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

 

53-бап. Әскери қызметшілердің жауаптылығы

1. Әскери тәртіпті бұзғаны үшін командир (бастық) әскери қызметшіге тәртіптік жазалардың:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

5) лауазымында бір сатыға төмендету;

6) әскери атағын бір сатыға төмендету;

7) теріс себептер бойынша әскери қызметтен босату түрлерін қолданады.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерден басқа, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге, курсанттар мен кадеттерге қатысты тәртіптік жазалардың мынадай түрлері қолданылады:

1) әскери бөлім орналасқан жерден немесе корабльден жағалауға кезекті сейілге шығудан айыру;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың кеуде айырым белгісінен айыру.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Әскерге шақыру бойынша офицерлерге қатысты әскери атақты төмендету «кіші сержант» («екінші дәрежелі старшина») әскери атағына дейін жүргізіледі. Бұл ретте осы әскери қызметші сержанттық құрамға ауыстырылады және мерзімді қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін қызмет етеді.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Осы Заңның 26-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен шығаруды қоспағанда, теріс себептермен әскери қызметтен шығару әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты қолданылмайды.