(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

Егер жүргізілген түзетуден кейін бюджетті нақтылау жүргізілсе, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттің түзетілген көрсеткіштері нақтыланған бюджетте көрсетіледі.

2. Республикалық бюджетті түзету:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, қысқартуды (ұлғайтуды) беруді білдіреді;

2) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды

2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтері қаражатының жалпы көлемін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттарын ұлғайту үшін резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған;

3) осы Кодекстің 24-бабының 3-тармағында көзделген;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) Республикалық бюджет комиссиясында қаралмастан, қаражат ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан аспайтын көлемде бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, республикалық бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің бюджеттік даму бағдарламалары арасында, Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан он пайызына дейінгі көлемде бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, республикалық бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің бюджеттік даму бағдарламалары арасында қайта бөлінген;

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-2) Республикалық бюджеттік комиссияда міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражат республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің шығыстары бойынша қаражатты он пайыздан асатын көлемде қайта бөлуге жол беріледі;

4) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

5-1) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жергілікті бюджеттерді түзету:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, қысқартуды (ұлғайтуды) беруді білдіреді;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) қаржы жылы iшiнде төмен тұрған бюджетке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, облыстың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының резервтерiнен қаражат бөлiнген, сондай-ақ қаржы жылы ішінде төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджетте көзделген бөлінетін бюджеттік бағдарламадан қаражат бөлінген;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) осы Кодекстің 42-бабының 3-тармағында көзделген;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды

2-2) жоғары тұрған бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінген және (немесе) олардың бөлінген көлемдері өзгерген;

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды

2-3) жергілікті атқарушы орган резервтері қаражатының жалпы көлемдерін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттарын ұлғайту үшін резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған;

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды

2-4) осы тармақтың 1) және 2-2) тармақшаларында көзделген жергілікті бюджетті түзету кезінде бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;

3) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген;

4) осы Кодекстің 44-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген;

5) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген;

2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген;

2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін түзету, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемдегі қаражат бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда жергілікті қоғамдастық жиналысымен міндетті түрде келісіле отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей жүзеге асырылады.

 

 

21-тарау. Бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау

 

112-бап. Бюджеттік мониторинг

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.

3. Бюджеттік мониторинг бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілігі және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингі, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде алынған бюджет қаражатын пайдалану нәтижелері туралы есептер ұсынады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмауы туралы ескертпе-ақпарат жібереді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Тиісті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептің нәтижелері тиісті бюджетті әзірлеу немесе нақтылау, мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, республикалық бюджет жобасына алдына ала бағалауды жүзеге асыру кезінде ескеріледі.

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік даму бағдарламалары бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мониторингін жобалар аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асырады.

7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік мониторинг жүргізу жөніндегі жалпы әдіснамалық және әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді.

Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін қараңыз

 

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 113-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

113-бап. Нәтижелерді бағалау

1. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің ел немесе өңір экономикасының, экономиканың жекелеген саласының (аясының), қоғамның дамуына әсер етуін объективті бағалау, мемлекеттік орган қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау нәтижелерді бағалау болып табылады.

2. Нәтижелерді бағалау:

1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес жүргізілетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалауға;

2) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін тиімділік аудитіне;

3) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін Жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес жүргізілетін орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауға негізделеді.

3. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының нәтижелерін бағалау:

1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын таңдаудың негізділігін, олардың түсінікті және анық жазылуын талдауды;

2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізбеу немесе асыра орындау себептерін көрсете отырып, оларға қол жеткізілуін талдауды;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) осы Кодекстің 62-бабы 3-тармағының төртінші бөлігінде көзделген органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары мақсаттарының өзара байланысының болуын талдауды;

4) нәтижелерді бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдарды қамтуға тиіс.

4. Бюджеттік бағдарламаларда айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы және бюджеттік бағдарламаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

 

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда

5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін, оның ведомстволарын жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің жəне қаржылық есептілігінің жүйесі

 

22-тарау. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі

 

245-бапқа сәйкес 114-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

114-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты

Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі адамдарды мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

 

245-бапқа сәйкес 115-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

115-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары

1. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті жасау принциптері есептен шығару және қызмет үздіксіздігі болып табылады.

Есептен шығару принципі ақы төлеу уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операциялардың нәтижелерін танумен қамтамасыз етіледі.

Қызмет үздіксіздігі принципі мемлекеттік мекеменің алдағы болашақта жұмыс істейтін ниеті бар екенін, қызметін таратудың немесе қызмет ауқымдарын едәуір қысқартудың қажеті болмайтынын білдіреді. Егер мұндай ниет немесе қажеттілік бар болса, онда қаржылық есептілік арнаулы ережелер бойынша жасалады.

2. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық болып табылады.

Түсініктілік - қаржылық есептілікте берілетін ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Орындылық - шешімдер қабылдайтын пайдаланушылар үшін ақпараттың орынды болуы және олардың оқиғаны бағалауына көмектесуі, бұрынғы бағаларын растауы немесе түзетуі тиіс.

Сенімділік - елеулі қателер мен бұрмалаушылықтардың болмауы және пайдаланушылардың ақпаратқа шынайы ақпарат ретінде сенуі.

Салыстырмалылық - әртүрлі кезеңдердегі және әртүрлі мемлекеттік мекемелердің ақпаратын салыстыру мүмкіндігі. Ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай әдіснама бойынша жүзеге асырылуға тиіс.

 

245-бапқа сәйкес 116-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

116-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі

1. Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.

2. Есепке алу саясаты мемлекеттік мекемелер барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табылатын қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну кезінде қолданатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидаларды және практиканы қамтиды. Есепке алу саясатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.

3. Бухгалтерлік есепке алудағы операциялар мен оқиғалар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары негізінде көрсетіледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін, мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібін, мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша қажет болған жағдайларда олардың қызмет ерекшелігін ескеріп және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік мекемелерде өз жүйесінің бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерін қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығара алады.

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдары білімдері мен дағдыларын тексеру үшін міндетті сертификаттауға жатады.

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 116-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

116-1-бап. Шоттардың бірыңғай жоспары

1. Мемлекеттік, экономикалық және қаржылық қызметті қамтуды көздейтін, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, бірыңғай бюджеттік сыныптама шоттарын кодтау шоттардың бірыңғай жоспары болып табылады.

2. Шоттардың бірыңғай жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

 

 

23-тарау. Қаржылық есептілік

 

245-бапқа сәйкес 117-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

117-бап. Қаржылық есептілік

1. Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді.

2. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі:

1) бухгалтерлік балансты;

2) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

2-1) қаржы қызметінің нәтижелері туралы есепті;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

2-2) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепті;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есепті;

4) түсіндірме жазбаны қамтиды.

3. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі бастапқы құжаттармен расталады.

4. Мемлекеттік мекеме барлық операциялардың бірыңғай бухгалтерлік есепке алынуын жүргізеді.

5. Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

 

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 117-1-баппен толықтырылды

117-1-бап. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік

1. Бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделген мемлекеттік мекемелер берешегінің жай-күйін мониторингтеу үшін қаржылық есептіліктің құрамына берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік қосылады, ол есептердің мынадай түрлерінен тұрады:

дебиторлық берешек туралы есеп;

кредиторлық берешек туралы есеп;

ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есеп.

2. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік тоқсан сайын жасалады.

3. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті жасау және ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 118-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 118-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 118-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

118-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiк

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасауға мiндеттi.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекітуге жатпайтын мемлекеттік бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасайды.

 

119-бап. Есепті кезең

1. Жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.

2. Жаңадан құрылған мемлекеттік мекеме үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңді қамтиды.

 

120-бап. Қаржылық есептілікті ұсыну

1. Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне табыс етеді.

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржылық есептілікті:

1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға;

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсынады.

3. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен беріледі.

4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін анықтауға және жылына кемінде бір рет өзге де кезеңділікті белгілеуге құқылы.

 

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 120-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

120-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау

1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.

2. Бюджет түсімдері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен көрсетіледі.

 

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 120-2-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

120-2-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау

1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.

2. Бюджет түсімдері облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен көрсетіледі.

 

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 120-3-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

120-3-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау

1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржылық қызметтің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.