«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36/қе бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 52/қе бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32704 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) тасымалданатын бейнетіркегіш (бұдан әрі - бейнежетон) - құқық бұзушылықтың жасалу фактілерін, сондай-ақ әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің әрекеттерін аудио- және бейнетіркеуін жүзеге асыруға арналған портативті техникалық құрылғы.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: