Балық шаруашылығы саласындағы қорықшыларды тиісті даярлықтан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 29 қазандағы № 377 бұйрығы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-1-бабы 4-тармағының 9-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық шаруашылығы саласындағы қорықшыларды тиісті даярлықтан өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 29 қазандағы
№ 377 бұйрығымен бекітілген
Балық шаруашылығы саласындағы қорықшыларды тиісті даярлықтан өткізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Балық шаруашылығы саласындағы қорықшыларды тиісті даярлықтан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 33-1-бабы 4-тармағының 9-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы саласындағы қорықшыларды тиісті даярлықтан өткізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ведомство - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;